Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда ботаникалық баққа жылы жаққа ұша алмай қалған құстар жеткізілді

Петропавлда жылы жаққа ұша алмай қалған құстар ботаникалық баққа жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды тілшіміз. 2 сұңқылдақ аққу мүнда бір  апта бұрын әкелінген. Аққулар кеш жұмыртқа жарып шыққандықтан қанаттары бекіп үлгермеген болуы керек. Сол себепті қатарынан қалып қойған. Қарлы көлде жүрген  аққуларды ауыл тұрғындары әкеп беріпті.

«Бізге аққуларды өте қамқор адамдар әкеледі. Мұз қата бастаған көлде аққу жүргенін көрсе бірден бізге жеткізеді. Осы ретте біз орман шарушылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандарына жүгіну қажеттігін де айтып жатамыз. Өйткені, олар – табиғатты қарайтын уәкілетті орган», — дейді Петропал ботаникалық бағының директоры Артур Рязапов.

Ботаникалық бақта тағы 4 аққу жүр. Қос сыбырлақ пен қос сұңқылдақ мұнда 2 жыл бұрын пайда болған. Төртеуінің осында үйренісіп кеткені соншалық көптің көзайымына айналған. Қатарға бір апта бұрын қосылған құстарды мамандар қала сыртындағы жылы арнаға жібереді. Қонақ құс екендіктерін сезгендіктен болар даладан келген қанаттылар еркіндікті аңсап тұр.

 «Құстар жылы суда өз беттерімен тіршілік етеді. Арнаға су жылу электр орталығынан жіберіліп тұрғандықтан оның беті қатпайды. Құстарға қажетті қорек қоры бар»,- деді Қызылжар орман шаруашылығының аңтанушысы Дмитрий Бутенко.

Қанаттылар жылы арнаны көктемге дейін мекендейді.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *