Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да еріктілер слеті өтті

Солтүстік Қазақстан облысында еріктілер слеті өтті, деп хабарлайды тілшіміз.

Ол «Волонтер жолы» деген атаумен облыстық кітапханада ұйымдастрылды.  Жиынға өңірдегі барлық ерікті ұйымдар қатысты. Белсенділігі мен жан-жақтылықтығы арқылы көзге түскендер құрметке бөленді. Абзалхан Тілеген адалдығы мен жанқиярлық көмегі үшін алғыс хатпен марапатталды. Оның бұл іспен айналысып жүргеніне 5 жыл болған.

«Ақжар ауданы бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы адамдармен жұмыс істейміз. Ауданымызда еріктілердің саны – 1448. Олармен  көптеген іс-шаралар өткіздік.  Оның ішінде – аз қамтылған, көпбалалы аналарға қолқабыс еттік», — дейді Ақжар ауданы жастар ресурстық орталығының директоры Абзалхан Тілеген. 

СҚО бойынша еріктілер фронт-офисінің жетекшісі Анастасия Волкова бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – волонтерлік топтардың тәжірибе алмасуы және оларды өзара ынтамақтастыққа тарту дейді.

«Солтүстік Қазақстан облысының волонтерлері денсаулық сақтау, мәдениет, экология сияқты барлық салаларда өз қызметін жүзеге асырады. Психологиялық немесе заң жағынан кеңес беретін түрлі тегін тренингтер ұйымдастырады. Биылғы жылы өзгелеріне қарағанда аса белсенді болдық деп айта аламын. 19-шы жылдары 19 мың жан ерікті болса, биыл саны бірнеше есеге дейін өсті. Қазір облыс бойынша еріктілер саны 50 мыңнан асады. Олар 1800-ден астам іс-шара ұйымдастырды», — деді СҚО бойынша еріктілер фронт-офисінің жетекшісі Анастасия Волкова.

Өңір еріктілерінің арасында Оңтүстік-Орал темір жолының Петропавл бөлімі белсенділерінің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Мұнда 20-дан астам адам волонтерлік қызметпен айналысады.

 «Жалпы, волонтерлік қызметтің әлеуметтік тұрғыда ғана емес, ел экономикасына да қосатын үлесі зор. Еріктілер өз аймағының мәселелерін айқын көріп, оларды шешудің тиімді жолын таба алады. Біз – әрекеттің адамдарымыз. Әр адамға тигізген көмегіміз – біз үшін бақыт. Бір орында тоқтамай, алға қарай ұмтылдыратын да осы сезім. Ізімізді жалғайтын жас ұрпақтың саны арта берсін дегім келеді», — деді «Ресей темір жолы» ААҚ Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімі филиалының еріктісі Сергей Начаров.

Сондай-ақ, іс-шара аясында жас белсенділерге салтанатты түрде волонтерлік сертификаттар табыс етілді. Сондай-ақ солтүстікқазақстандық еріктілер қатары тағы 14 жас азаматпен толықты.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *