Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 2025 жылы апатты мектептер проблемасы шешіледі

Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылы апатты мектептер проблемасы шешіледі. Бұл туралы Ғауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлайды тілшіміз Kazinform. сайтына сілтеме жасап.

«Бюджеттің үштен бір бөлігі білім беру саласына бағытталған. Биыл қаржыландыру мөлшері өткен жылмен салыстырғанда шамамен 19 пайызға ұлғайды. Материалдық-техникалық база 4,4 млрд теңгеге жаңартылды. Мектептер үшін 55 пәндік кабинет сатып алынып, 29 мектепке автобус берілді. 4,3 млрд теңгеге 48 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Апаттық жағдайда тұрған мектептердің орнына 720 орындық 2 мектеп қолданысқа берілді. Сондай-ақ, Тайынша ауданының Драгомировка елді мекенінде 120 орындық мектеп салу жоспарланып отыр. Осылайша, апатты мектептерді жою мәселесі 2025 жылға қарай шешілетін болады», — деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен «Береке» шағын ауданында 50 орындық интернаты бар 300 орындық түзету мектебінің құрылысы жүргізілуде. Нысан бүгінде 50 пайызға дайын. Оқушыларға орын тапшылығын қысқарту үшін (900 орындық 2 ауылдық мектеп салу да жоспарда бар. 3 жыл ішінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2700 орындық 4 мектеп салынады.

«Петропавлда 420 орындық 2 балабақша салу жоспарланған. Бұл балалардың 95 пайызын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымды жақсарту, жалпы білім беру процесіне қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы білім беру деңгейінің сапасын арттыруға әсер етеді», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *