Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Курстар ашып жатырмыз»: СҚО әкімі өңірді қазақыландыру үшін қандай жұмыстар істеп жатқанын айтты

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аймақты қазақыландыру жұмыстарын қалай жүргізіп жатқан жайлы айтты. Өңір эетекшісі ол үшін қазақ тілінде білім беретін курстар ашып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды тілшіміз.

ОКҚ алаңында есеп беру брифингіне қатысқан облыс әкіміне БАҚ өкілі өңірдегі қазақ ұлтының үлесі небәрі 35 пайыз екенін айтып, қазақыландыру бойынша нақты қандай шаралар жасап жатқанын сұрады. 

Өңір әкімі бұл мәселе бақылауында екенін жеткізді. 

«Мені де алаңдатады. Алайда жұмыс жүріп жатыр. Қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшалар әрі әлеуметтік нысандар пайдалануға берілуде. Курстар ашылып жатыр», — деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында 6 аудан мен 138 ауыл бар. Жыл сайын бұл мекендерге жолдар мен әлеуметтік нысандар салынуда.

«Сондай-ақ оңтүстіктен арнайы квотамен адамдар көшіп келіп жатыр. Биыл шамамен 2560 адам келді. Оның ішінде 235 қандас бар. Жыл сайын оңтүстіктен келген адамдардың 85-89%-ы ауылдарда қоныстанып, қалып жатыр. Бұл да жақсы көрсеткіш», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *