Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

39 градус аяз: Алдағы бірнеше күнге ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» алдағы бірнеше күнге арналған  ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды тілшіміз.

Синоптиктердің мәліметінше, аптаның басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі;

6 желтоқсанда еліміздің солтүстігінде қатты қар болжанады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

7 желтоқсанда суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен бүкіл республика бойынша ауа райы жауын-шашынсыз болады және ауа температурасы түнде еліміздің батысында, орталығында және шығысында 10-18 градус аязға дейін, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-39 градус аязға дейін, оңтүстігінде 5-13 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтілуде.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *