Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Шал ақын ауданына қарасты Семиполка ауылында жер үй өртеніп, екі адам қаза тапты

СҚО Шал ақын ауданы Семиполка ауылында жер үй өртеніп,  1960 жылы туған ер адаммен 1953 жылғы  әйел қаза тапты, деп хабарлайды тілшіміз.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, бүгін таңғы 4.49 минутта  Шал ақын аудандық өрт сөндіру қызметіне Семиполка елді мекенінде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Құтқарушылар 40 шақырымдық жолды бір сағатта жүріп өтіп, оқиға орнынан жетті.   

«Өрт сөндірушілер келгенде үй толық отқа оранған. Есік іштен жабық болған. Тек таңғы 9.30 шамасында ғана өрт толық сөндірілді. Көршілердің айтуынша, үйде ер және әйел адам тұрған», — деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Сағат 11- 25 минутта  жатын бөлмеден  ер адамның күйген денесі табылды. Оның жеке басы анықталды. Тағы 2 сағаттан кейін әйелдің  мүрдесі анықталды. Қызыл жалында қаза тапқан азаматтардың денесі сот медициналық сараптамаға жіберілді.

От  80 шаршы метр аумаққа жайылған. Оны ауыздықтауға 1 техника, жеке құрамнан  9 адам және «Союз» ФҚ ерікті өртке қарсы құралымы жұмылдырылды.

Қазіргі таңда оттың шығу себебі мен шығын көлемі есептеліп жатыр.

Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 30 адам тілсіздің жаудың кесірінен мерт болды.

Тұрғын үйлерде болатын өрт саны азайғанымен, адамдардың иіс тиіп қайтыс болу фактілері жиілеп кеткен.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *