Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да ЭЦҚ-сын басқа біреуге пайдалануға берген лауазымды тұлғалар жазалануда

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары лауазымды тұлғалармен ЭЦҚ заңсыз беру бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды тілшіміз.

Облыстық прокуратура өкілдерінің мәліметінше Тайынша ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы «Электронды құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының талаптарын бұза отырып, ЭЦҚ жеке кілтін бас маманның қарамағына беріп қойған.

Одан кейін бөлім басшысы  еңбек демалысында болған кезеңде оның атынан автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімге бөлімнің бас маманы қол қойған.

Нәтижесінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 640-бабының 5-бөлігінде көзделген, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз беру арқылы көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Прокурордың қаулысымен бөлім басшысы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ӘҚБтК-нің осы бабы бойынша қадағалау органы облыстың мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бұрынғы басшысы, қазіргі уақытта облыстың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті басқармасының басшысын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Осындай заң бұзушылықтар Ақжар, Қызылжар, Тайынша аудандарының 24 жергілікті атқарушы органдарында да анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша заң бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.

Бұл ретте қадағалау органы мемлекеттік қызметшілерге электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін ӘҚБтК-нің 640-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікті еске салады, мұнда 51 750 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, соңғысын қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *