Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда аялдаманың шынысын сындырған жасөспірімнің анасына айыппұл салынды

Петропавлда аялдаманың шынысын сындырған 14 жастағы жасөспірімнің анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды тілшіміз.

Жасөспірімнің айтуынша, досы екеуінің арасында туындаған келіспеушілік салдарынан ол аялдаманы ұрған. Құқық бұзушы анықталып, анасымен бірге учаскелік полиция пунктіне шақыртылды.

«Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабымен көзделген құқық бұзушылықты жасөспірім алғаш рет жасап отырғандықтан, дәлірек айтқанда, түнгі уақытта үйден тыс жерде жүргені үшін оның анасына қатысты материал жиналып, ескерту жасалды. Ал осы кодекстің 435-бабымен көзделген құқық бұзушылықты, яғни кәмелетке толмаған баланың бұзақылық жасағаны үшін анасы  жеті тәулік ішінде 12 075 теңге көлеміндегі айыппұл төледі. Келтірілген шығын үшін материалдық жауапкершілік мәселесі азаматтық-құқықтық қатынастар тәртібінде шешілетін болады. Ересектерден кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауды, жасөспірімдердің қараусыз жүруін және түнде серуендеуіне жол бермеуді сұраймыз», – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Биылғы жылдың 11 айында Петропавл қаласында ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша 31 факті тіркелді. Полицейлер ескерткендей, кәмелетке толмағандардың вандализм жасағаны үшін әкімшілік заңнамамен 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *