Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Урбанизация: СҚО-да болашағы бұлыңғыр ауылдардың саны артуда

Шалғайдағы ауылдар бірнен соң бірі картадан сызылып жатыр. Тек Солтүстік Қазақстан облысында 2017-2019 жылдары аралығында 33 елді мекен жабылған. Халыққа жағдай жасалмаған соң, тұрғындар жанға жайлы мекен іздеп жаппай жан-жаққа көшіп кеткен. Қазір аймақта 6 ауыл қаңырап бос тұр, деп хабарлайды тілшіміз.

Өңірде болашағы бұлыңғыр деп танылған елді мекендердің бірі – Балуан ауылы. Бір кездері мұнда жүзден астам шаңырақ түтін түтеткен. Кітапхана, медициналық бекет, мәдениет ошағымен бірнеше мал шаруашылығы кешені  болған еді. Тұрғындар шартты жер үлесінен айырылған соң, айрандай ұйып отырған ауылдың берекесі қашты. Ал 2020 жылы 360 балаға арналған мектептің есігіне құлып ілінді.

«Қазір 5-6 ғана үй түтін түтетіп отыр. Оның ішінде жалғыз басты, көшуге ешқандай шамасы келмейтін адамдар бар. Олар ауылда мал ұстап, күнелтіп отыр. Мемлекет тарапынан ешқандай көмек болып жатқан жоқ. Жолда қиын, судан да қиыншылық көреді. Мына мектептің жабылуына байланысты, жердің сатылуына байланыстытуған жеріміз құруға жақын», — дейді Балуан ауылының тумасы Торғын Әбдірахманова.

Солтүстік Қазақстан облысында 2017-2019 жылдары аралығында 33 елді мекен жабылды. Қазір тағы осынша ауылда тұратын адамдардың саны 10-нан аспайды. 6 ауыл тіпті қаңырап бос тұр. Ендігі үміт – оңтүстіктен келетін келелі көште. Биыл күнгейден солтүстікке 2,5 мың адам, және алыс- жақын шетелден 183 қандас қоныс аударған. Бұл мақсатқа ел қазынасынан -1,1 миллиард теңге қаржы бөлінді.

«Біздің облысымызда 153 елді мекен арнайы таңдалып алынды.  Яғни олардың инфраструктуралары орташа және жоғары деңгейде. Ешқандай жағдай жасалмаған ауылдарға адамдар көшірілмейді. Өйткені оңтүстіктен қоныс аударатын  отбасылардың балалары бар. Оларға балабақша, мектеп керек. Отбасы мүшелеріне де тұрақты жұмыс қажет. Сол себепті болашағы бар деген ауылдар керек», – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Назерке Тасқұлова.

Бүгінгі күні облыста 635 ауыл бар. Әсіресе шалғайда орналасқан елді мекендердің жағдайы мүшкіл. Халық құрдымға кеткен елді мекендерді құтқарып қалу үшін, төскейге мал жайғысы келеді. Сондықтан жергілікті билік жайылым мен шабындық жерлерді кеңейтіп берсе дейді. Жалпы аймаққа әлі де 5 мыңнан астам маман жетіспейді.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *