Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жеке тұрғын үй отқа оранып, бір адам ауруханаға жеткізілді

Петропавлда жеке секторда орналасқан тұрғын үй өртенді. Салдарынан бір адам иіс тиіп ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  тілшіміз.

Оқыс оқиға 2-ші Косогор көшесінде болған. Төтенше жағдай туралы хабарлама кезекші бөлімге 23:34-те келіп түскен.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 5 адамды құтқарған. Ал аураханаға жеткізілген азамат үй иесінің туысы екендігі белгілі болды. Дәрігерлер  44 жастағы науқастың жағдайы ауыр деп отыр.

«ТЖД қызметкерлері жеткен кезде мұнда 30 шаршы метрде от лапылдап жанып жатқан. Қызыл жалын 00:35-те ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған», – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *