Петропавлда үш адамды өлтірген сезіктілер ұсталды
Петропавлда үш адамды өлтірген сезіктілер ұсталды, деп хабарлайды тілшіміз.
Қайғылы оқиға Жұмысшы кенті ауданында болған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 желтоқсан күні сағат 13.25-те зорлық-зомбылықтың белгілері бар 3 адамның денесінің табылғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен.
«Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының 2 тұрғынын ізін суытпай ұстады. Күдіктілер Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен полиция департаментінің бақылауында», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі тартқан хабарламада.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.