Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жолшылар су тасқынына қарсы тұруға дайын

«Қазавтожол» ҰҚ» АҚ СҚОФ су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бүгіндері теріскей арқылы өтетін республикалық маңыздағы жолдарда 16 су өткізгіш құбыр жаңартылып, 13 құбыр күрделі жөндеуден өтуде.

«Қазавтожол» ҰҚ» СҚОФ мәліметінше, өңір бойынша республикалық маңызы бар автомобиль желісінің ұзындығы 1970 шақырымды құрап отыр.

– Су тасқыны кезеңінде «КАЖсервис» ЖШС СҚОФ-да 124 бірлік техника, 16 автогрейдер, 11 тиегіш, 31 трактор (К-700/525/701, МТЗ-82, БДТ 1223) сақадай сай. Сондай-ақ 225 маман жұмылдырылмақшы. Қазіргі уақытта инертті материалдың 3 мыңнан астамы дайын, — дейді «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ СҚОФ директорының орынбасары Қанат Усербаев.

Қазіргі уақытта инертті материалды су тасқыны қаупі бар учаскелерге тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, Сергеевка қаласына құм салынған 300 қапшық әзірленіп жеткізілді. Қосымша 500 дана қап дайындалуда.

Ал Токсан би ауылының маңында «Екатеринбург-Алматы» автомобиль жолына инертті материалдың 400 қабы, «Көкшетау-Рузаевка» а/ж – 11 учаскесіне 200 қап дайындалды. Сондай-ақ «Рощинское-Корнеевка-Тимирязево» (Новоузинка ауылының жанында) жолына инертті материалдың 450 текшесі әзірленді.

Заңсыз қоқыс полигондары жойылды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *