Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да екі айдың ішінде әйелдерге қатысты 500-ден астам құқық бұзушылық тіркелді

Соңғы 2 ай ішінде отбасылық зорлық-зомбылыққа, оның ішінде әйелдерге қатысты 527 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы  жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында мәлім болғандай, 96 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынса, 60 адамға ескерту жасалған. Бір  адамға айыппұл салынды.

— Осы жылдың 2 айында облыста отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстардың саны 55,5 пайызға азайған. Сондай-ақ әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету мәселесіне  қатысты жасалған қылмыстардың саны 20 пайызға төмендегені байқалады, — деді  облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Әсия Әбжанова.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, оның ішінде балаларға әлеуметтік қорғау жүйесінде арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынылады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Серік Тоқымбетов атап өткендей, зардап шеккендерге тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, экономикалық, заң және басқа да бағыттар бойынша көмек көрсетіледі.

— Зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шеңберінде 6 айға дейінгі мерзімге баспанада уақытша тұру, мамандармен жұмыс істеу мүмкіндігі ұсынылады. Жиырма орынға шақталған орталық Қызылжар ауданының орталығы — Бескөл ауылында орналасқан.  2021-2023 жылдар аралығында онда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 175 құрбаны, соның ішінде 98 бала арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылды. Қазіргі уақытта орталықта  9 баласы бар 20 әйел  көмек алып жатыр, — деп атап өтті Серік Тоқымбетов.

Бұдан бөлек, 2021 жылдан бастап облыста «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Онда отбасы және неке, тұрғын үй қатынастары, еңбек заңнамасы, психологиялық көмек мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беріледі. Былтыр орталыққа 1823 отбасы жүгінді.

Жолшылар су тасқынына қарсы тұруға дайын

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *