Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Су кірген ауылдарға тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізіледі

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына байланысты күрделі жағдай қалыптасқан елді мекендерге азық-түлік жеткізілмек. Қажетті өнім тұрақтандыру қорынан алынады.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың тұрақтандыру қорын тексерді. Қазір мұнда 9 мың тонна әлеуметтік маңызы бар өнім бар. Бұл көкөністер, күріш, қарақұмық, макарон өнімдері, қант, тұз, тауық еті, жұмыртқа және күнбағыс майы. Аталған қор 5 айға жетеді.

— Қажет болған жағдайда тұрақтандыру қорының өнімі күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасатын елді мекендерге көліктермен жеткізілмек. Жалпы, бұл кезеңде ең қажетті тауарлар бағасының көтерілуіне жол бермеу және баға өзгерген кезде интервенция жасау өте маңызды, — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

«Қызылжар» клубының қаражатына сыртқы талдау жүргізілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *