Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлға тасқын су қашан жетеді?

Петропавлға тасқын су апта соңында келеді деп күтілуде. Бұл туралы СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов мәлім етті. СҚО ТЖД бастығы орынбасарының айтуынша, Есіл өзені бойында орналасқан Шал ақын, Есіл және Қызылжар ауданындарындағы ауылдарды су басуы мүмкін. Тасқын 845 үй мен 5 мыңнан астам саяжай учаскесіне кіруі ықтимал.

– Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі тарихи межеден асты. Су ернеуінен төгіліп, 4 метр 15 см-ге жеткен. Болжам бойынша тасқын су Петропавлға сәуірдің 12-і күні жетеді, — дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Мамандардың сөзінше, қауіптің беті әлі де сейілген жоқ. Су 262 елді мекенді басуы мүмкін. Бүгіндері су кірген 40 үйдің әлі 13-інде су тұр. Құтқарушылар 244 адамды қауіпсіз жерге шығарып, 44-і үйлеріне оралды.

– 59 жол учаскесін су басқан. Суды өткізу үшін 6 жерде жол төсемін қазуға тура келді. 160 шақырым арық тазартылды, 100 шақырымнан астам канал кеңейтілді және тереңдетілді. 60 мыңнан астам дана қапшық дайындалып, 38 мыңы төселді. 1000 адам және 200-ден астам техника жұмылдырылды. 100 мотопомпа және 10 жүзу құралы бар, – деді Мұрат Қанғожинов.

Сергеев су қоймасында антирекорд тіркелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *