Табиғи апаттың зардабын мемлекет өтейді
Облыстың аудандары мен Петропавл қаласында табиғи апатты болдырмау мақсатында 1600-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында, әскерилер, жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері, полицейлер мен еріктілер бар. Бүгіндері өңірге Ұлытау облысынан құтқарушылар да келе жатыр.
Аудандарда СҚО прокуратурасының мамандары қызмет етуде. Заңды қадағалаушы орган тұрғындардан зардап шеккен мүліктері бойынша өтініштерді қабылдамақ.
– ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккендер 30 күннің ішінде зақымданған үйлері мен мүлкінің материалдық шығынының орнын толтыру үшін өтініш хат жазуы керек. Оның негізінде оларға қаражат берілетін болады, — дейді СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Али Саттар.