Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Судың сапасы бақылауда болады

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік желі арқылы өңірде су ластанды, оны ішуге болмайды деген ақпарат тарап жатыр. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті осыған байланысты жауап берді.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлованың айтуынша, әлеуметтік желіде бірер күннен бері жүрген бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Эпидемиологиялық жағдай ушықпау үшін қазіргі уақытта мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

— Қазіргі уақытта санитарлық қызмет 24/7 жұмыс режиміне көшті. Сынамалар алу үшін бақылау орындарын көбейттік. ҚР бас санитар дәрігерінің 4 сәуір күні шыққан қаулысына сай су басқан елді мекендерге қатысты талаптар бекітілді. Оны санитар дәрігерлер ғана емес, жергілікті атқарушы билік, сумен қамтамасыз етушілер де сақтауы керек.

Яғни, елді мекенді су басса, ол жердегі суды пайдалануға құқықтары жоқ. Сумен қамтудың басқа балама жолдарын іздестіру керек. Қазіргі уақытта су басқан Жаңажол ауылында орталық су құбыры өшірілген. Елді мекенге су жеткізу мәселесі шешіліп жатыр. Мұндағы екі құдықтың суынан бірнеше рет сынама алынды, қауіп жоқ.

Ал өңірді сумен қамтып отырған кәсіпорындар, мәселен «Қызылжар су» мекемесінің акредиттелген зертханасы бар, яғни қажетті зерттеуді өздері жүргізе алады. Мұнда күніне судың 32 сынамасы бактерияға, санитарлық-химиялық құрамына тексеріледі. Сондықтан краннан лас су ағып жатыр деген жалған», — дейді Татьяна Горлова.

Маманның айтуынша, тұрғындар қауіптенген жағдайда ішуге және тамақ дайындауға тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалана алады.

— Өңірде су тасқыны салдарынан сібір жарасынан өлген малдар жатқан 4 қорым шайылып кетті. Ол жерлерден барлық тиісті сынама алынып, судан ешқан қауіп анықталған жоқ. Су кеткеннен кейін біз топырақтан сынама алып, аурудың сыртқа шыққан-шықпағанын зерттейміз. Жалпы облыста мұндай 161 орын бар және 8-9 сәуір күндері судың 87 сынамасы алынып, зертханаға жіберілді. Қазір 78-і әлі де тексеріліп жатыр. Алайда дайын болған сынамалардан адамға ешқандай зиян бактериялар табылған жоқ. Күн сайын судың 50-60 сынамасы тексеріліп жатыр, — дейді Татьяна Горлова.

Еріктілер мен әскерилерге тамақ берілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *