Жарияланған күні: 11.04.2024
Сібір жарасымен жерленген 4 мал моласын су шайып кетті
Облыста сібір жарасымен ауырған малдар көмілген төрт орын су астында қалды. Санитарлық дәрігерлер ондағы судың сынамасын алып тексерді.
CҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлованың айтуынша, оң сынамалар анықталмады.
– Бұл жерлерде біз суды талдадық, барлық сынама теріс, яғни құрамында Сібір жарасы жоқ. Су ағып кеткеннен кейін, біз сібір жарасы спораларының сыртқа шыққанын білу үшін сол жерден топырақ аламыз. Бірақ мал қорымдары мен сібір жарасы қорымдары ветеринария органдарының бақылау объектілері екенін тағы да атап өткім келеді. Біз тек мониторинг жүргізе аламыз, – деп түсіндірді санитарлық дәрігер.