Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Қалалықтар судан ажыратылды

Петропавлда бірнеше сағатқа су берудің тоқтатылуына темірбетон бағандардың зақымдануы себеп болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында апаттық-қалпына келтіру бригадалары жұмыс істеп жатыр.

Петропавл әкімі облыс орталығын сумен қамту 4 сағаттың ішінде қалпына келетінін жеткізді.

— Кеше түнде Петропавлға мол көлемде су келді. Прибрежное елді мекенінде орналасқан бірінші көтергіш сорғы станциясын электр қуатымен қамтитын төрт тәуелсіз электр желісі бағандарын сумен келген мұз зақымдады. Осыған байланысты қалаға су беру шектелген. Электрмен қамтушы компанияның апаттық бригадасы сол жерде жұмыс істеп жатыр. Жұмысты 4 сағат ішінде аяқтау жоспарланған. Сабырлық танытыңыздар. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер, — деді Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Екінші ауысымда оқитын мектеп оқушыларының сабақтары онлайн форматта өтуде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *