Жарияланған күні: 22.04.2024
Облыста кене 9 адамды шақты
Көктем басталғалы кене шағудың фактілері жиіледі. Эпидемиялық маусымда облыста мұндай 9 факті тіркелді.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, адамдарды кене шағудың деректері Айыртау, Аққайың, Тайынша және Петропавлда анықталды.
– Бір-бір фактіден Айыртау, Аққайың және Тайынша аудандары мен 6 дерек Петропавлда тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кене шағудың көрсеткіші 1,8 есеге төмен. Мәселен, былтыр 17 факті анықталған болатын. Сәуірдің 16-сы мен 18-і күндері Айыртау ауданындағы Айыртау және Лобаново елді мекендерінде дизенсекциялық шаралар жүргізілді, — дейді департаменттің баспасөз хатшысы Айнаш Сағындықова.