Балық аулағандар жазаланды
Cәуірдің 15-сі мен маусымның 1-і күндері аралығында балық уылдырық шашатындықтан оны аулауға тыйым салынған. Десе де заңды елемегендер су тасқыны аймағында балық аулауға шыққан.
Айыртау ауданы табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен облысаралық Есіл бассейндік инспекциясының инспекторлары рейд жүргізіп, 12 жергілікті тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
– Осындай рейдтік іс-шаралар басқа аудандарда да жүргізілуде. Уылдырық шашу кезеңінде балық аулау да табиғи ресурстарды қалпына келтіруге зиян келтіретінін есте сақтауыңызды сұраймыз, – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.
Табиғатты қорғау полицейлері аңшыларға 2024 жылдың 27 сәуірінен 11 мамырына дейін облыс аумағында Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа, жабайы үйректердің еркектеріне көктемгі аң аулау маусымы ашылатынын ескертеді.
Аңшылыққа ілеспе құжаттардың болуы қажет. Жабайы үйректердің аталықтарына тек қана алдамшы үйрек болған кезде ғана аулауға рұқсат етіледі. Резервтік қордың аңшылық алқаптарында, қаздардың барлық түріне, сондай-ақ аналық жабайы үйректерді олжалауға тыйым салынады.
СҚО-да су тасқынынан 100-ге жуық кәсіпкер зардап шекті