Жарияланған күні: 26.04.2024
Жеке тұрғын үйдің моншасы өртке оранды
Петропавлда 314-ші атқыштар дивизиясы, 102 мекенжайы бойынша орналасқан монша өртке оранып, шатыры жанып кетті.
Қызыл жалын оқиғасы кеше сәуірдің 25-сі күні сағат 11:04 кезінде орын алды. СҚО ТЖД хабарлауынша, өрт 50 шаршы метр аумақты шарпы үлгерді. Қызыл жалын моншаның қабырғалары мен шатырына зақым келтірді.
– Оқиға орнына дереу жеткен өртсөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. 8 техника жұмылдырылды. Өрт моншаның шатыры мен ішкі қабырғаларына зақым келтірді. От толықтай сағат 12:00-де ауыздықталды. Оның иесіне әкімшілік хаттама толтырылды, — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
СҚО әкімі жаңа жатақханада тасқыннан зардап шеккендерге жасалған жағдайды тексерді