Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

53 елікті атып өлтірген аңшылар жауапқа тартылды

СҚО-да заңсыз аңшылықпен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. 

СҚО прокуратурасының мәліметінше, өткен жылдың күзінде Петропавл қаласындағы саяжай қауымдастығының бірінде 53 өлі елік табылды. Бұл қылмысқа қатысы бар 4 Петропавл қаласының тұрғыны ұсталған болатын. Тергеу барысында олар мемлекетке 68 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталып дәлелденді. Алайда сотта бұлтартпас дәлелдер бола тұра, төрт айыпталушы жасаған қылмыстары үшін өз кінәларын мойындамай, жасаған қылмыстарына өкінбеген. Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісе отырып, 4 қала тұрғынын 8 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруға соттап, олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу бойынша үкім шығарды.

Жеке тұрғын үйдің моншасы өртке оранды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *