Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

23 жастағы қала тұрғыны 15 жылға бас бостандығынын айырылуы мүмкін

Жыл басынан бері СҚО-да есірткі өткізумен айналысқан 36 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 20-сы – 18 бен 25 жас аралығындағы азаматтар.

Полицейлердің айтуынша, оңай олжаға кенелгісі келетіндер көбіне есірткіні өткізу мен жасырумен айналысады. Олар есірткі сатушылардың сөздеріне сеніп, қомақты қаражат табу мақсатында тура жолдан таяды.

Қаңтар айында тәртіп сақшылары 23 жастағы облыс тұрғынын Петропавлдағы көлікжай кооперативтерінің бірінде ұсталды. Жас жігіт интернет-дүкенде бір апта ғана уақыт жұмыс істеп үлгерген.

– Жедел іс-шара кезінде Белла атты қызметтік-іздестіру итімен жас жігіт ұсталды. Одан ақ ұнтақ тәрізді зат салынған 25 түйіншек табылды. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың жалпы салмағы 28,12 грамды құрап, ол «мефедрон» деп аталатын синтетикалық есірткі екені белгілі болды.
Күдікті облыс орталығындағы есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде есірткі жасырушы болып жұмыс істеу үшін аудандардың бірінен келген. Алайда оның қылмыстық әрекеті бір аптаға ғана созылды. Енді аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Апалы-інілі бауырлар асылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *