Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жетісу облысының тұрғындарынан гуманитарлық көмек жетті

CҚО-ға Жетісу облысының тұрғындарынан су тасқынынан зардап шеккендерге 40 тонна гуманитарлық көмек келіп жетті. Жақын арада азық-түлік, тұрмыстық заттар және киім-кешек петропвлдықтарға таратылады.

Жалпы су тасқыны басталғалы Жетісу өңірінен еліміздің су басқан аймақтарына 190-нан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұдан бөлек, жұртшылық түрлі қайырымдылық қорларына да жылу жіберген. Көмекті жинауға «AMANAT» облыстық филиалы, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер белсенді қатысты.

– Бұл гуманитарлық көмек Жетісу жұртшылығынан шын жүректен жіберіліп отыр. Игілікті іске мүмкіндігі шектеулі жандар да белсенді атсалысты. Сондай-ақ, «Ажар» тігін фабрикасы, Қазақстан халқы ассамблеясы, қарапайым адамдар да өз үлестерін қосты. Біз осылай біріккен кезде ғана барлық қиындықты жеңіп шығамыз, — деді «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын.

Соңғы 2,5 аптада Солтүстік Қазақстан облысына 1300 тоннадан астам гуманитарлық көмек келді. Оның барлығы «Радуга» ЖШС қабылдау орталығында сұрыпталады және ресми беру нүктелеріне жіберіледі. Оның үшеуі — Петропавлда орналасса, қалғаны — Қызылжар ауданында орын тепкен. Әрбір көмек тарату орталығы су астында қалған жеке ауданға тағайындалады. Беру үшін көше бойындағы аға тұлғалар анықталды, олар қажетті тізімдерді қалыптастырады. Соның негізінде жауапты тұлғалар мұқтаж жандарға тауар таратады.

Бұл күні Алматы облысынан «Damu Logistics» компаниялар тобы 45 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Оның ішінде бұқтырылған тағам, тұрмыстық химия, тамақ, балалар тағамы, су және басқа тауардар бар.

– Барлық керек заттарды әкеліп отырмыз. Оның арасында вентиляторлар, үтіктер мен төсек орындар бар. Көмекке мұқтаж жандар ресми беру нүктелеріне келіп ала алады,- деді «Damu Logistics» компаниялар тобы директорының орынбасары Арман Шаймергенов.

23 жастағы қала тұрғыны 15 жылға бас бостандығынын айырылуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *