Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Алаяққа алданып, 500 теңге көлемінде несие ресімдеген

Жыл басынан бері облыста интернет-алаяқтықтың 254 фактісі тіркелді. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында СҚП ПД криминалдық полиция басқармасы жедел істер бойынша аға уәкілі Виталий Подчернин айтты.

Оның айтуынша, алаяқтар көбіне қалыптасқан 4 қылмыстық схема бойынша жұмыс істейді. Оның бірінде бәзбіреулер азаматтарға хабарласып, қаржылық жобаның мүшесі болуға шақырса, енді басқалары өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, ойластырған қитұрқы істерін жүзеге асырады. Қылмыскерлер түрлі әлеуметтік мессенджерлерді пайдаланып, байқаулардың сілтемелері арқылы өтіп, дауыс беруге шақырады. Сондай-ақ ұялы байланыс телефонының операторы ретінде қоңырау шалып, нөмірлеріңізді онлайн ауыстыруға болатынын ескертеді.

– Сәуір айында Петропавл қаласының 57 жастағы тұрғынына алаяқ хабарласып, өзін ұялы байланыс операторы ретінде таныстырған. Ол ескірген сим-картаны ауыстыру қажеттігін алға тартып, жәбірленушінің телефонына төрт таңбалы келетінін хабарлады. Оны дереу операторға айту керектігін де ескертті. Қарт келіншек оны алаяққа айтып, кейін оның атына несие алғанын білді. Осылайша, ол жоқ жерден банкқа 500 мың теңге қарыз болып қалды, — дейді Виталий Подчернин.

Полицейлер белгісіз біреулердің айтқанын жасамай, ақпаратты тексеру үшін бірден банктің бөлімшелеріне және «102» нөміріне хабарласып, кеңестерін тыңдау қажеттігін алға тартады.

 

Жетісу облысының тұрғындарынан гуманитарлық көмек жетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *