Жарияланған күні: 30.04.2024
1 мамыр — жалпықалалық сенбілік
Петропавлда Қазақстан халқы бірлігі күні әдеттегідей сән салтанатымен аталып өтілмейді. Мерекелік шаралардың орнына облыс орталығында жалпықалалық сенбілік өтеді.
Петропавл қаласының әкімдігінің хабарлауынша, мұндай шешім Петропавлда төтенше жағдай режимнің сақталуына байланысты қабылданды.
– Петропавл қаласындағы ТЖ режиміне және су тасқынына байланысты ҚХА бастамасымен Қазақстан халқының бірлігі күні бірлік пен еңбек атмосферасында өтеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1 мамырда жалпықалалық сенбілік өткізіледі. Қалалықтарды өз аулаларын тазалауға шақырамыз. Сондай-ақ су басқан аудандарды тазарту өткізіледі, — делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.