Жарияланған күні: 03.05.2024
СҚО-ның 82 тұрғынын кене шақты
Сәуір айында облыста 82 адамды кене шақты. Оның 20-сы – кәмелеттік жасқа толмаған балалардар екен.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен жылы дәл осы мерзімге сәйкес өңірде 94 адамды кене шаққан. Жалпы 2023 жылдың ішінде 681 факті тіркелді.
– Көктемде кене қауіпті болып келеді. Осы уақытта олар кене энцефалиті, тиф, туляремия, Лайм ауру мен геморрагикалық лихорадка сынды жұқпалы инфекцияларды таратады. Өткен аптаның ішінде облыста кене 47 адамды шақты, — дейді департаменттің баспасөз хатшысы Айнаш Сағындықова.