Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар саны 500-ден асады

Жыл басынан бері Петропавл полицейлері отбасылық-тұрмыстық сипаттағы 500-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

 — Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері жүргізетін әдістемелік түсіндіру жұмыстары өз жемісін беруде. Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адамның қадір-қасиетін қорлайтын кез келген қарым-қатынас қолайсыздық тудырады. Сол үшін жағдайды шиеленістірмей, құқыққа қарсы мінез-құлық фактілерін жасырмау қажет, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Әсем Ілиясова.

Полицейлер отбасылық жанжал, ұрыс-керіс немесе ауызша қорлау тіркелген мекен жайларды үнемі тексеріп отырады. Жыл басынан бері құқық бұзушыларға қатысты 511 қорғау ұйғарымы шығарылып, сот шешімімен 122 адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Осыған қарамастан 56 жанжалқой қорғау ұйғарымын бұзса, 78 адам ерекше талаптарды елемеген. Мұндай тәртіп бұзушыларға әкімшілік қамауға алу түріндегі ықпал ету шарасы қолданылады.

СҚО-ның 82 тұрғынын кене шақты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *