Жарияланған күні: 12.05.2024
Су тасқыны кезінде жоғалған ер адамның өлі денесі табылды
Сәуірдің 13-і күні Петропавлда із-түссіз жоғалған ер жігіттің өлі денесі табылды.
СҚО ПД мәліметінше, бір ай бұрын жоғалған жігіттің өлі мүрдесін сүңгуірлер мамырдың 12-сі тапты. 34 жастағы қала тұрғыны сәуірдің 13-і хабар-ошарсыз жоғалған болатын.
– Ер адамның мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Денесінде зорлық белгілері байқалмайды, – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.