Жарияланған күні: 29.05.2024
СҚО-да бруцеллез 244 ірі қарадан анықталды
Мамыр айында СҚО-да 52 ірі қарадан бруцеллез анықталды.
СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері жоспарлы ветеринарлық шаралар аясында өңірдің алты ауданында бруцеллездің 244 дерегі тіркелді. Соңғысы Аққайың ауданына қарасты Ленинское ауылында анықталды.
– Биыл Айыртау ауданында – 77, Ақжарда – 20, Аққайыңда – 15, Қызылжар ауданында – 129, Тимирязевта – 1 және Уәлиханов ауданында 2 ірі қарадан бруцеллез анықталды. Бүгінгі таңда Ленинское және Докучаево ауылдарында шектеу шаралары енгізілді, — делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.