Жарияланған күні: 29.05.2024
Наталья Богданова Олимпиада лицензиясына қол жеткізе алмады
Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде солтүстікқазақстандық Наталья Богданова (66 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Қазақстандық боксшы турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде сербиялық сербиялық Кристина Кулуховамен кездескен еді.
Тартысты өткен бәсекеде төрешілер шешімі бойынша 3:2 есебімен сербиялық боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Енді ел құрамасынан Римма Волосенко (60 келі) үндістандық Анкушита Бороен кездессе, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) италиялық Джанлуилджи Малангамен рингке шығады.
Сондай-ақ, лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жектерінде Назым Қызайбай (50 келі), Валентина Хальзова (75 келі) жеңіске жетті.
Кене шағу фактілері тыйылмай тұр