Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл жылу орталығының құлаған мұржасы биылғы қысқа дейін салынып бітпейді

 

Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығы жаңа жылыту маусымына әзір. Биыл станциядағы қазандықтар мен турбо-агрегаттарды жөнге келтіруге 7,5 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды тілшіміз ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Севказэнерго» АҚ бас директоры Анатолий Казановский №2 жылу-электр орталығының жылыту маусымына дайындығы жайында айтып берді.

«Алты қазандық-агрегаттағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. №11 қазандық-агрегатта күрделі жөндеу жүргізілді, өйткені былтырғы жылыту маусымында негізгі ауыртпалық осы нысанға түсті. Бізде барлығы 12 қазандық-агрегаты бар. 15 қыркүйекте тоғызы дайын болады, желтоқсанның біріне 11 қазандық жұмыс істемек. Ал №2 қазандық қалпына келтіріліп жатыр, жұмыс тек 2025 жылы ғана аяқталады. Былтыр қыста 8 қазандық агрегаты жұмыс істеді. Тоғызыншысын үнемі резервте ұстап отырдық», — дейді Анатолий Казановский.

Қазандықтың ең ескісі 1961 жылы салынған. Маманның айтуынша, олардың әрқайсысы белгілі бір сағат жұмыс істеуі керек.

Мысалы №2 қазандық агрегатын ауыстыру қажет, ол норма бойынша 300 мың сағат жұмыс істеуі керек болса, іс жүзінде 322 мың сағатқа жеткен.

Сол себепті бұзып алынып, жаңасы салынып жатыр. 2025 жылға дейін тек қажеттілік бойынша ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілмек.

«Турбо-агрегаттарға келер болсақ, жөндеу жұмысы бесеуінде аяқталды, қазір алтауы жұмыс істеп тұр, біреуі жөнделіп жатыр. Станцияда қазір екі түтін мұржасы бар. Биыл №2 түтін мұржасы мамандардың тексерісінен өтті, жұмысқа жарамды, сондай-ақ оның үстіне дұрыс жұмыс істеуге қажет шойын күмбез орнаттық. №3 түтін мұржасы да тексерілді, мұржа бағаны ішінен қышқылмен өңделді, сырты қорғаныс сырмен сырланды. Қазір жаңа жылыту маусымына толық дайын тұр. Былтыр жобалық институттармен жұмыс істеп, түтін мұржаларын зерттеп, нәтижесінде станция алдағы үш жылыту маусымында екі мұржамен де жұмыс істей алатындығы туралы қорытынды алдық. Жаңадан салынып жатқан 180 метрлік мұржа жобаға сай келесі жылы шілде айында қолданысқа берілуі тиіс. Бірақ қазіргі салынып жатқан мұржаның қисайып кетуіне байланысты ол бұзылып жатыр. Тексеріс жүргізілді, 39-ыншы метрінен бастап 26 метрі бұзып алынады. Қазір газ жолдарын салуды бастап кеттік, ол жоспар бойынша тек келер жылы жүргізілуі керек еді. Біздің жоспар бойынша мұржа құрылысында кестеден қалып жатқан жоқпыз», — дейді Анатолий Казановский.

Биыл компания жылу орталығына жөндеу жұмыстарына 7,5 млрд теңге жұмсауды жоспарлаған.

Ал мұржаны салуға 2,8 млрд теңге бөлінген. Былтыр 15 млрд теңге жұмсалған екен.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *