Рәміздер күнінде тасқынмен күрескен солтүстікқазақстандықтар марапатталды
Бүгін еліміз ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтуде. Ту, Елтаңба және Әнұран – мемлекетіміздің мызғымас іргетасы, Тәуелсіздігіміздің басты нышандары.
Отансүйгіштік пен азаматтық ұстанымның жарқын мысалы ретінде тұрғындардың су тасқынына қарсы күреске қатысуы болды. Мерекеге орай СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен тасқын мен оның зардаптарын жоюға үлес қосқан солтүстікқазақстандықтарды марапаттау рәсімі өтті.
Өңір басшыс ыоблысымыздың 40 патриотын Алғыс хатпен марапаттады. Олардың қатарында еріктілер, кәсіпкерлер, журналистер, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес және бюджеттік ұйымдардың өкілдері, блогерлер, спортшылар және тағы басқалар бар.
«Солтүстікқазақстандықтар бірігіп, табиғи апатпен күресте шынайы патриоттық пен қаһармандық танытты. Мереке күні баршаңызға береке мен бірлік тілеймін. Еліміз гүлденіп, көк Туымыз желбірей берсін», — деді облыс әкімі.