Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ДА 170 АДАМ АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕЙ ЖҮР

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері алимент төлеуден қасақана жалтарған 8 адам қылмыстық, 98 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 14 іс алдағы уақытта сотта қаралмақшы. Бұл туралы облыс прокурорының бірінші орынбасары Абу-Али Саттар мәлімдеді.

Бүгінгі күні өңірде ата-аналық міндетін орындамай жүрген 170 адам бар. Оның 50-і безбүйрек ана екендігі белгілі болды. Ал олардың жалпы берешегі 166 миллион теңгеден асып кеткен. Қаржыны өндіріп алу үшін іске прокурорлар араласты. Құзырлы орган өкілдері өз міндетін тиісті деңгейде орындамаған 71 сот орындаушысын тәртіптік жауапкершілікке тартты.  Келешекте бұл бағытта жұмыстар күшейтіледі. Қазір аймақта 53 азаматқа іздеу жарияланған.   

«Қарызын уақытылы өтемей жүргендердің дені жұмыс таппадым деп түрлі сылтау айтады. Такси жүргізушісі болып, табысын жасырып жүргендер де бар. Мәселен 69 тұлғаға қатысты жүргізуші куәлігін тоқтата тұру шарасы қабылданды. Біз берешекті өндіріп алу үшін жұмысты жалғастыра береміз. Жалпы қаңтар айынан бері алимент бойынша қарыз көлемі  екі есеге дейін төмендеді», — деді СҚО прокурорының бірінші орынбасары Абу – Али Саттар.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, облыста бүгінгі күні  алимент алатын 7 933 бала және 7 қарт ата-ана бар.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *