Жоғалған бүлдіршін үйінен 5 шақырым жерден табылды
СҚО полицейлері жоғалған бүлдіршінді үйінен 5 шақырым жерден іздеп тапты.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының тұрғындары «102» арнасына қоңырау шалып, 5 жасар қызының жоғалғанын хабарлады. Жоғалған қыздың туғандары төңіректі қарап шыққан, баланы таппаған соң тәртіп сақшыларына жүгінген.
Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Ауыл ішін аралау нәтиже бермеген соң, полицейлер іздестіру аумағын кеңейтті. Нәтижесінде жоғалған қыз бала Жезқазған — Петропавл тас жолында Подгорное ауылы бағытында шамамен үйден 5 шақырым жерде табылып, аман-есен ата-анасына қайтарылды.
Бүлдіршіннің жақындары тәртіп сақшыларына шын жүректен ризашылық білдірді.