Жарияланған күні: 12.07.2024
Денсаулық саласындағы өрескел бұзушылықтар
Денсаулық сақтау саласындағы талдау қатерлі ісікке шалдыққан азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің өрескел бұзылушықтарын анықтады.
Медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарына қайшы, мүгедектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. Қадағалау органының актісі бойынша азаматтарға мүгедектік белгіленді, бұл оларға әлеуметтік қолдаудың барлық құқықтарын пайдалануға және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді.
Бұзушылықтар үшін 2 лауазымды тұлға заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.