Жазушы-журналист Жарасбай Сүлейменовтің 75 жылдық мерейтойы аталып өтілді
СҚО-ның Құрметті азаматы, жазушы-журналист Жарасбай Сүлейменов 75 жасқа толды. Айтулы мерейтой Петропавлдың С.Мұқанов қазақ сазды-драма театрында аталып өтілді. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.
Жарасбай Қабдоллаұлының 75 жылдық мерейтойына еліміздің өзге өңірлерінен танымал жазушы-ақындар жиналды.
Салтанатты жиын «Түзу ағаштың көлеңкесі» повесі негізінде жазылған сахналық қойылымнан басталды. Бұл шығарманы мерейтой иесі Жарасбай Сүлейменов жазған болатын. Өмірде шын мәнінде болған оқиға желісі негізінде сахналанған спектакль кеңшар директорының өмірі жайлы баян етеді. Драманың премьерасына жиылған дүйім жұртқа спектакль ұнады.
Кейін шара салтанатты рәсіммен ұласты. Сахнаға көтерілген облыс әкімі алдымен мерейтой иесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып беріп, табыс етті. Содан соң өз атынан Жарасбай Сүлейменовке жылы лебізін білдіріп, иығына шапан жапты. Сондай-ақ жиында ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хаттары да табыс етілді.
Жиын соңында Жарасбай Сүлейменовтің жаңа кітаптар жинағының тұсауы кесілді.
Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға Бірлік шағынауданынан үйлер берілді