Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Әнін құтқарушыларға арнады

СҚО ТЖД штабының маманы Марина Самойленко құтқарушылар туралы ән жазып, өзі орындап шықты.

Биылғы көктем құтқарушылар үшін қиынға соқты. Су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күні-түні табиғи апаттың салдарын жоюға атсалысты. Мамандардың өжеттілігі мен кәсіби біліктілігі арқасында мыңдаған солтүстікқазақстандық аман қалды. Бұл сын-сағатта ТЖД маманы Марина Самойленко да кезекшілік етті.

Марина Самойленко әріптестерінің ерлігі мен қайсарлығын өз көзімен көрген соң құтқарушыларға ән жазуды ұйғарды. Нәтижесінде авторлық туындысына бейнебаян да түсіріп үлгерді.

– Мен көктемде болған оқиғалардың ортасында болдым. Құтқарушылардың, еріктілердің және қарапайым азаматтардың жанқиярлығына, батыл әрекеттеріне куәмін. Аптаның жеті күнінде, тәуліктің 24 сағатында әріптестерімнің жан беруге дайын екенін көрдім. Әр қиын сәтті ой-елегімнен өткізіп, өлең жаздым. Бұл –құтқарушыларға, қол ұшын созуға даяр азаматтарға арналған сыйым, – дейді Марина Самойленко.

Әлеуметтік желіде бейнебаянын жариялаған Марина Самойленко бұл туындыны түсіруге атсалысқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының әскери оркестріне, оның ішінде әскери дирижер капитан Азамат Бекеновке алғысын білдірді.

Петропавлда үш жасар қызды қағып кетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *