СҚО әкімі Мағжан Жұмабаев ауданында болды
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Мағжан Жұмабаева ауданында болып, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығын жөндеу барысын тексеріп, шекара бекеттерінің құрылысымен танысты. Сондай-ақ сүт фермаларын аралап, шөп дайындау барысын қадағалап, диқандармен кездесіп, күзгі орақ науқанына дайындық барысын талқылады.
Ауданда жол инфрақұрылымы жақсартылып жатыр. Лебяжье ауылының 13 шақырымдық кіреберіс жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы биыл аудандағы 3 ауылға апаратын жол жөнделеді. 2026 жылға дейін облыста барлық жолдарды қалыпқа келтіру қажет. СҚО әкімі аудан басшылығына биыл бөлінген қаржыны толық игеруді тапсырды.
Оған қоса, өңір басшысы аудан әкімінің жылыту маусымына дайындық пен көмір жеткізу бойынша есебін тыңдады. Әсіресе, НПС Булаево ауылында үздіксіз жылытуды қамтамасыз ету керек.
Мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мәдени шараларды өткізу үшін Қарақоға ауылында күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі есігін айқара ашты. Шаруалар да өз үлестерін қосуда. Ғимараты 30 жыл бойы бос тұрған мәдениет үйін «Чистовское» ЖШС өз қаражатына жөндеуден өткізуде.