Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 940 мың тонна шөп дайындалды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспарлы көрсеткіштеріне сай өңірде малдың жайлы қыстап шығуы үшін 940 мың тонна шөп, 234,6 мың тонна пішендеме, 278,1 мың тонна сүрлем, 867 мың тонна сабан және 818 мың тонна мал азықтық жем дайындау керек.

Оның ішінде үй шаруашылықтарындағы малдың қыстауына 424,1 мың тонна шөп, 406,4 мың тонна сабан және 277 мың тонна жем қажет болады деп жоспарланған.

Өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да біртіндеп дамып келе жатқан өңірімізде қысқы мал азығын дайындау да  – маңызды науқандардың бірі. Астық ору жұмыстарына әлі ерте болғанымен,  шабындықтарға шалғы түсе бастаған. Жалпы облыс бойынша 379 мың гектар жерге мал азықтық дақылдар егілген.

–Өңір алқаптарында 134,9 мың гектар жерге біржылдық шөп, 16,1 мың гектарға көпжылдық шөп егілсе, өткен жылдардан қалған шабындықтар көлемі –198 мың гектар. Көпжылдық шөптер аумағы мал азықтық алқаптардың 52 пайызын алып жатыр. Соңғы жедел деректерге сай өңірде 488,3 тонна шөп дайындалған. Бұл жоспарлы көлемнің 51,9 пайызына тең. Ал шабылған пішендеме көлемі –71,4 тонна. Әзірге қажетті пішендеменің үштен бір бөлігі дайындалған, –дейді облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы Анастасия Харламова.

Азық-түлік бағасын өсіргендер жазаланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *