Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жұмыс берушілер қызметкерлеріне 63,2 млн. теңге қарыз

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 251 жұмысшының жалпы сомасы 63,2 млн. теңге еңбекақысын ала алмай жүргенін анықтады. Жалақы төлемеген  кәсіпорындарға 2 мың АЕК көлемінде  айыппұл салынды.

СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясының мәліметінше, өткен жылы «КазСтройТрейд» серіктестігіне жоспардан тыс тексеру өткізді. Тексеріс   кезінде серіктестіктің 61 жұмысшының алдында 33 млн. теңге қарызы бары белгілі болды. Ондағы қызметкерлер 2023 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін толық айлық алмаған. Соттың шешімен серіктестікке қатысты әкімшілік жаза белгіленді.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің сотқа жолдаған қылмыстық ісі негізінде 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.  Аталған мәселені шешу үшін былтыр және биыл аудандық үшжақты комиссияның отырыстары өтті. Бүгінгі күні серіктестіктің жұмысшылар алдындағы қарызы толық өтелген.

«Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік жеңімпазы анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *