Ауылдық округ әкімі жазаланды
Петропавлда облыстық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында бір тәртіптік іс қаралды.
Отырыста Есіл ауданы Волошин ауылдық округінің әкімі Виталий Кочергинге қатысты тәртіптік іс қаралды. Өткен жылдың қазан айында Волошинка ауылына жергілікті әкімдігі жеткізушімен 10 бейнебақылау камераны орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасасты. Оның сомасы шамамен 2 млн. теңгені құрады. Алайда қондырғылар белгіленген мерзімде орнатылмады. Тексеру кезінде олар ауылдық округ әкімдігінің қойма үй-жайында сақталды.
Виталий Кочергиннің айтуынша, камераларды орната білетін маман табалмағандықтан және әкімнің отбасылық жағдайларына байланысты қондырғылар уақытылы орнатылмады. Жиында әдеп кеңесінде Виталий Кочергинге тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.