Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Қоғамдық көліктердің қатысуымен СҚО-да 4 ЖКО тіркелді

Жолаушыларды тасымалдайтын көлік жүргізушілерінің қатысуымен өңір жолдарында 6 айдың ішінде 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 5 адам жарақат алды.

«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – жол апаттарының алдын алу, сондай-ақ жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету.

– Бір күннің ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің тарапынан жол жүрісі қағидаларының 65 бұзушылығы анықталды. Көбіне олар көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланған. Мұндай 13 факті тіркелсе, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін — 8, техникалық тексеруден өтпеген көлікті басқарғаны үшін 7 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолаушылар мен багажды заңсыз тасымалдаумен айналысудың бір фактісі анықталды, – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Облыс орталығында патрульдік полициямен бірге рейдтік іс-шараларға экология департаментінің қызметкерлері де қатысып жатыр. Газ анализаторының көмегімен олар автобустардан шығатын ластаушы заттардың деңгейін өлшейді. Қажетті нормадан асқан жағдайда құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материал жиналады. Алты ай ішінде облыста 176 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 16 адам қаза тауып, 244 адам жарақаттар алды.

Аграрлық несиелік ұйымның басшысы сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *