Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Аяғын арамен кесті

Облыс тұрғыны қыстың қамын ойлап, отын дайындау барысында шынжырлы арамен аяғын кесіп алды. Науқас дереу ауруханаға жеткізілді.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 18 жастағы жігіт жедел жәрдеммен қалалық көпсалалы ауруханасының травматологиялық орталығына жеткізілді. Дәрігерлер алған жарақатына байланысты ота жасатуға кірісті.

– Сол жақ аяқ жілігінің бұлшықеттеріне зақым келді. Артериялық қан тамыры зақымданды. Ең алдымен бұлшықеттерден бөгде заттар алынып, тазартылды. Дәрігерлер жараларды тігіп, бұлшықеттерді, тамырларды қалпына келтіру үшін ота жасады. Осылайша, аяқтың қызметін сақтап қалды. Қазір науқас тұрақты күйде және ауруханада ем қабылдауда, — деді баспасөз қызметі.

Шекаралық бөлімшелер құрылысы жүргізілуде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *