Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Апатқа ұшыраған көліктер қала көшелерімен жүріп өтті

Петропавлда темір тұлпар тізгіндеген жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында жол қауіпсіздігін сақтау акциясы өтті.

Облыс орталығында өткен акция барысында көпшілік назарына жол-көлік  апатына ұшыраған машиналар ұсынылды. Адам көргісіз көліктерден жан түршігеді. Жол қозғалысы мен қауіпсіздігін сақтамаудың салдарынан көлік қана емес, адам шығыны да болуы  ықтимал. Өйткені жол қателікті кешірмейді. Сондықтан осы акция барысында жүргізушілерге жолда абай болып, жоғары жылдамдықты асырмау қажеттілігі ескертілді.  Акцияны ұйымдастырған «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ СҚОФ директоры Талғат Смағұловтың айтуынша,   апатқа ұшыраған көліктерді жұртшылық назарына ұсынуда басты мақсат – жол-көлік оқиғаларының санын азайту. Адамдарға ой салу арқылы олардан  сақтық шараларын ұстануды талап ету. Іс-шараны өткізу барысында ұйымдастырушылар  жол полициясы бекетінде көліктерді тоқтатып, темір тұлпар тізгіндегендерге қауіпсіздік жайлы жадынамалар таратты.

– Үстіміздегі жылдың алты айының қорытындысы бойынша облыста 176 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан  16 адам қаза тауып, 244 адам жарақат алды. Бұл көрсеткіш көңіл көншітпейді.  Сондықтан көлік жүргізушілерден жылдамдықты шамадан тыс асырмауды сұраймыз.  Қауіпсіздік сақталмаса, өздері мен өзгелердің өміріне балта шабатынын ұмытпаулары керек, – деді облыстық полиция департаментінің  ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Азамат Жамұқов.

107 адамның несиесі кешірілді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *