Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл тұрғындары дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізуге тапсырыс бере алады

Қала тұрғындары үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан дайын құжаттарды жеткізу жобасы іске асырылды. Клиенттерге құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ, оларды курьер ыңғайлы уақытта және қажетті мекен-жай бойынша әкеліп береді.

Айта кетейік, ервис танымал мемлекеттік қызметтердің 144 түрі бойынша қолжетімді. Олардың ішінде: мұрағаттық анықтамалар, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқаларын, әскери билеттер мен олардың телнұсқаларын, есірткі және психиспансерден, неке қию және бұзу туралы анықтамаларды беру және басқалар.

Жеткізу процесі барлығына қол жетімді. Клиент дайын құжаттарды express.gov4c.kz. портал арқылы жеткізуді ресімдеу ұсынысымен «1414» қызметінен SMS алады. Жеткізуге өтінімді ресімдеу кезінде клиентке сауалнамалық деректерді толтыру, жеткізу мекенжайы мен телефонын көрсету қажет. Содан кейін құжаттарды жеткізу үшін төлем жасау керек. Нақты уақыт режимінде курьерді қадағалап, онымен Яндекс GO мобильді қосымшасы арқылы байланыс орнатуға болады. Егер пайдаланушыда қосымша орнатылмаған болса, онда сіз  SMS арқылы  сілтемесі келетін карта виджетінде бақылай аласыз

Азаматтар Петропавл қалалық №1, №2, №3 халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде құжаттарды дайындауға берген өтініштері бойынша дайын құжаттарды жеткізуге тапсырыс бере алады.

300 мыңға жуық адам баспана кезегінен шығарылуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *