Петропавлдағы үйлердің 82 пайызы жылыту маусымына дайын
Петропавлдағы көпқабатты үйлердің 82,2 пайызы жылыту маусымына дайын. Бұл туралы шаһар басшысы Серік Мұхамедиев қалалық мәслихаттың VIII сессиясында баяндады, деп хабарлайды тілшіміз Qazaqstan Media сайтына тілтеме жасап.
Депутаттар алдында есеп берген Серік Мұхамедиев қаланың алдағы маңызды маусымға даярлығы жайлы да айтып өтті. Бүгіндері Петропавлдағы 1135 көпқабатты үйдің 82,2 пайызы қысқа әзір.
«Облыс орталығындағы 934 көпқабатты үй жуып-шаю жұмыстарын жүргізіп, қолдарына тиісті құжаттарын алған. Яғни, олар жылыту маусымына сақадай сай. Қалғандары бойынша алдағы уақытта жұмыстар жүргізіледі. Көп кешікпей дайындық шаралары аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Жалпы, бүгіндері қаладағы 132 үйде ешбір басқару формасы жоқ. Әдетте, осындай баспаналар қысқа әзірлікті кеш бастайды», – деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.