СҚО-ДА МЕКТЕПТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ САҚТАЛМАЙ КЕЛГЕН…
Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептерде өрт қауіпсіздігі сақталмай келген. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді.
Жауапты сала мамандары бірінші жартыжылдықта өңірде 418 оқу ошағын тексерген. Нәтижесінде білім мекемелерінің бірде – біреуі талапқа сай болмай шыққан.
Білім беру ұйымдарында бас – аяғы 4 мыңға жуық кемшілік анықталды. Ол: дабыл беру жүйесінің істемеуі, эвакуациялық жолдардың болмауы мен электр қондырғылардың ретсіз пайдалануы. Сорақысы, мектеп директорлары бұл ақауларды жоюға асықпайтын көрінеді.
Сол себепті 40 адамға қатысты әкімшілік хаттама толытырылып, айыппұл салынды. Енді оларға жаңа оқу жылына дейін уақыт беріледі. Ал білім күніне екі аптадан астам уақыт қалды.
Сотқа ұйығарымды орындамаған 39 мектепке қатысты материал жолданды. Оның қорытындысы бойынша, 10 миллион. теңгеден аса сомаға айыппұл салынды. Ал 13 мектеп анықталған кемшіліктерді жою үшін бір айға жабылды», — деді облыстық ТЖД басқармасының бас маманы Данияр Қалелов.