Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+18°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
01:57:28Вторник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Қозыбаев университетінде мыңға жуық студент тегін білім алады

Еліміздің әр өңірінен жиналған мыңға тарта студент Петропавлда тегін білім алады. Қаладағы жалғыз жоғары оқу ордасы Қозыбаев атында,ы унивеситетіне биыл мемлекеттен арнайы 995 грант бөлінді.  

Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп.  Түлектердің тең жартысы  халықаралық дәрежедегі диплом алады. Себебі  Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен,  аталған білім ордасы  АҚШ-тың Аризона университетімен әріптестік орнатты. Қазір тіпті қос диплом бағдарламасы да жүзеге асуда.

«Қос дипломдық бағдарлама бойынша 150 студент оқуға түсті. Биыл Алматы, Астана қалаларынан,  Маңғыстау облысынан және басқа да оңтүстік өңірлерден бізге студенттер келеді. Олар халықаралық бағдарлама бойынша берілетін квотамен білім алатын болады.  Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға, жетімдермен мүмкіндігі шектеулі жандарға қарастырылған квоталар бар. Ауылдық квота бойынша студенттердің 20 пайызы оқуға түскен болатын», – дейді Қозыбаев университеті қабылдау департаментінің директоры Гүлмира Оспанова.

Қазір  арнайы комиссия жастардың өтінішін қабылдап жатыр. Жауаптылардың айтуынша гранттың көп бөлінуі өңірде болашақта кадр мәселесін шешуге сеп болады. Мәселен былтырғы жылы оңтүстіктен келіп, арнайы квотамен оқып диплом алған  326 азаматтың 273-і солтүстікте жұмысқа орналасқан.  

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *